
Ұлытау облысы ТЖД жеке құрамға «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Ч.Самиевтің төрағалығымен әкімшілік, қылмыстық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың барлық ықтималдығын жою және заңбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында жеке құрамға семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Қ.Абишев және осы басқарманың аға офицері Б.Шотов ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын және оның мазмұнында көрсетілген ұстанымды іске асыру тәсілдері жайлы түсініктеме беріп, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыртқы талдау және парасаттылыққа тексерудің “Integrity chek” бағыттары бойынша жеке құрамның қойылған сұрақтарына да жауаптар берілді.
Сонымен қатар, жеке құрамға тақырыпқа сай видеороликтер көрсетілді.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі