
Алматы облысының «Тамғалы Тас» шатқалындағы «Жартасты қала Астана» ҚР ТЖМ оқу-жаттығу полигонында ҰҚШҰ «Скала-2024» арнайы оқу-жаттығуы және «Қазқұтқару-2024» құтқарушылар жарысы аясында далалық медициналық госпиталь орналастырылды
Оқу-жаттығу барысында медицина қызметкерлері санаулы сағатта заманауи жабдықтар мен медициналық мақсаттағы санитарлық-техникалық мүлкі бар пневмокаркас құрылыстарынан медициналық мекеме тұрғызды.
Госпиталь негізгі медициналық бөлімшелердің далалық жағдайында ТЖ аймағында тез орналастыруға, жабдықтауға және автономды жұмыс істеуге қабілетті.
Оқу-жаттығу кезінде медицина қызметкерлері зардап шеккендерді эвакуациялауды және қабылдауды, сондай-ақ аурухана бөлімшелерінде зардап шеккен адамдарға шұғыл көмек көрсетуді пысықтайды Жаралар мен жарақаттарды емдеуден басқа, жаттығу сценарийі бойынша эвакуацияланғандарға психологиялық көмек қажет. Зардап шеккендердің осы санатымен жұмысты госпиталь жанындағы психологиялық көмек пункттерінде психологтар жүргізеді.
Оқу-жаттығудың мақсаты Апаттар медицинасы жасақтарының ТЖ-ға ден қоюға практикалық дайындығын, сондай-ақ нақты төтенше жағдайлар кезінде орын алуы мүмкін адам шығынын барынша азайту үшін шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау болып табылады
ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ