Ұлытау облысында ресми түрде шомылу маусымы жабылды

Ұлытау облысында ресми түрде шомылу маусымы жабылды

Ұлытау облысы ӨКҚ алаңында шомылу маусымының қорытындысы туралы брифинг өткізілді. Елімізде дәстүр бойынша шомылу кезеңі 1 маусым мен 31 тамыз аралығында өтеді. ТЖ департаменті су айдындарында тәулік бойы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстардың барлық кешенін ұйымдастырды.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тұрақты негізде ЖАО, Прокуратура, ДП, БАҚ және ЖӘАЖ қызметкерлерімен бірлесіп, облыстың су айдындарына 1654 рейдтер мен патрульдер жүргізді. Оның барысында азаматтармен су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері бар жадынамалар табыстай отырып, түсіндірме жұмысын жүргізді.

Шомылуға тыйым салынған жерлерге 82 белгі орнатылды. Адамдар көп жиналатын жерлерде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-профилактикалық материалдар таратылады.

Шомылу маусымы кезеңінде ЖҚЖ құтқарушыларымен 1 бала құтқарылды. Судағы оқиғаларға талдау нәтижесі бойынша су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып: жабдықталмаған тыйым салынған орындарда шомылу, мас күйінде шомылу, балаларды су айдындарында ересектердің қарауынсыз қалдыру болып табылады.

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабына сәйкес, 7 айлық есептік көрсеткіш сомасында 220 мың тг көлемінде айыппұл түрінде 17 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаз мезгілінде Жезқазған қаласы бойынша рұқсат етілген 5 жағажай орны жұмыс жасаған болатын. Қазіргі таңда шомылу маусымы аяқталғаннан кейін суға түсетін азаматтарға айыппұлдар салынатын болады.

 

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі