
29 шілдеде сағат 05:19-да Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында 100 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Үйде көп балалы отбасы, 7 адам тұрған, олар 1979 және 1981 жылдары туған ата – анасы, 5 баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 жылы туған қыз бала.
Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырымды құрайды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шықты. Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады.
Сағат 06:40-та өрт ауыздықталды, сағат 08:25-те сөндірілді, үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында үш баланың мәйіті табылды. Өртті сөндіруге ТЖД-нен 12 қызметкер мен 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдары мен тартылған ұйымдардан 3 адам және 3 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. Өрттің шығу себебі анықталуда, Көкшетау қаласынан өрт сынақ зертханасы жіберілді.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі