Қостанай облысы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды

Қостанай облысы ТЖД жаңа бастығы тағайындалды

Ағымдағы жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовпен кездесу барысында Ю. В. Ильин Департаменттің жаңа бастығы - азаматтық қорғау полковнигі Б. Т. Кәрімовты таныстырды.

Облыс басшысымен өңірдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, түрлі ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын нығайту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар Ю.В. Ильин гарнизонның жеке құрамына облыстық ТЖД жаңа бастығын таныстырды.

Сонымен қатар, ол Қостанай облысы ТЖД бұрынғы бастығы Т.Б. Кәкімов пен «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы М.С. Жүсіповтың облыстық ведомстваның қызметін жандандыру және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту бойынша үлкен ұйымдастырушылық жұмысын атап өтті. Құрмет грамоталарын табыс етті.

ТЖД-де өткен кеңесте Министрдің орынбасары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің алдында тұрған табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан ел халқы мен аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттерге тоқталды.

Ю.В. Ильин департамент бастығына жеке құрам арасында заңдылықты қамтамасыз ету және қатаң тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, халықтың ТЖ қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге деген сенім деңгейін арттыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Күннің екінші жартысында Ю. В. Ильин «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ-ға барды. Содан кейін ІІМ және аумақтық департаменттер қызметтерінің басшыларымен бекітілген күн тәртібі бойынша бейнеселектор режимінде апта сайынғы жұмыс кеңесіне қатысты.

 

                                            Қостанай облысы ТЖД

                                            ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы