Анонс

Анонс

2024 жылғы 1-5 қыркүйек аралығында Алматы облысының «Тамғалы Тас» шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» ҚР ТЖМ оқу- жаттығу полигонында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерімен  «Скала-2024» арнайы оқу-жаттығуы өтеді.

6 қыркүйекте ҚР ТЖМ бөлімшелері арасында «Казқұтқару-2024» жиын семинарының ашылу рәсімі өтеді. Жарыстар 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін өткізіледі.

12-14 қыркүйек аралығында Орталық Азия мен Таяу Шығыс өкілдері үшін пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг өткізіледі.

Жиын-семинар аясында 12-14 қыркүйек аралығында дала жағдайында еліміздің барлық өңірлерінен волонтерлерді тарта отырып, ТЖ-ға ден қою саласындағы волонтерлердің ІІ республикалық форумы өтеді.

 

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша сұрақтар

Алматы қаласы мен Алматы облысы ТЖД

87016617050 и 87023786321 нөмірлеріне хабарласыңыздар