Трансшекаралық оқу-жаттығуларға Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары қатысты

Трансшекаралық оқу-жаттығуларға Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары қатысты

Іс-шара Ресей Федерациясының аумағында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекаралас аумақтарындағы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өтті.

Оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында көршілес мемлекеттердің ведомствоаралық өзара іс-қимылының алгоритмін жасауға бағытталған. Қазақстан мен Ресейдің қатысуы барлық құрылымдарға шекаралас аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тәжірибе және идеялар алмасуға мүмкіндік берді.

Оқу-жаттығуға өртке қарсы қызмет комитетінің қызметкерлері де қатысты. Мұндай бастамалар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды сақтауға және ықтимал табиғи апаттардан болатын залалды азайтуға ықпал етеді.

Трансшекаралық оқу-жаттығулар ынтымақтастықты нығайту және қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттер алдында тұрған міндеттерді шешуге дайындықты арттырудың жаңа перспективаларын ашады.

                                                              Қостанай облысының ТЖД

баспасөз қызметі