Ақтөбеде жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

Ақтөбеде жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

Ақтөбе облысында жылыту кезеңінде өрттің алдын алу шараларының бірінші кезеңі басталды.

Бұл іс-шаралар  өрттің алдын алу және тұрғын үй секторында улы газбен  уланудың алдын алуға  бағытталған. Тұрғындармен түсіндіру  жұмыстары және тұрғын үй-жайларды тұрғындардың келісімімен өртке әкеп соқтыратын бұзушылықтардың бар-жоғына тексеру жүргізілетін болады. 

Рейдтік шаралар  өту кезінде басты назар пештердің, мұржалардың, электр жылытқыштардың құрылғыларына назар  аударылады.  Анықталған бұзушылықтар бойынша үй-жайлардың меншік иелерімен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, пештер мен түтін мұржаларын дұрыс және уақтылы тазалау, сондай-ақ пештерді жарамды күйде ұстау туралы нұсқама жүргізіледі.

 

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы