Жамбыл медициналық-құтқарушылары трассалық пунктте жұмыс күнінің қалай өтіп жатқанын көрсетті

Жамбыл медициналық-құтқарушылары трассалық пунктте жұмыс күнінің қалай өтіп жатқанын көрсетті

Бүгін жергілікті тілшілерге арналған «Луговое» (Кулан ауылы) трассалық-медициналық-құтқару пунктінде баспасөз туры ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында 3 КЖМП бар - «Луговое» (Кулан ауылы), «Төле би» (Төле би ауылы), «Шығанақ» (Буруылбайтал ауылы). КЖМП бригадалары өздерінің жауапкершілік аймағында тәулік бойы жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді. Медициналық-құтқару реанимобилінде дәрігер-құтқарушылар оқиға орнына шығады, сонымен қатар шұғыл көмек көрсетеді және өздігінен келген азаматтарға да қызмет көрсетеді.

Жұмыстың тиімділігін арттыру үшін «112» қызметі, жол полициясы, жол-қызмет көрсету ұйымдары және медициналық ұйымдармен хабарландыру және өзара іс-қимыл схемасы анықталған.

 Жамбыл облысы ТЖД баспасөз-қызметі