
ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ү. Каналиннің төрағалығымен әкімшілік, қылмыстық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың барлық ықтималдығын жою және заңбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында жеке құрамға семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы превенция басқармасы басшысының орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің подполковнигі Г.Сүлейменова, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын және оның мазмұнында көрсетілген ұстанымды іске асыру тәсілдері жайлы түсініктеме берді.
Сонымен қатар, жеке құрамға тақырыпқа сай видеороликтер көрсетілді.
Сондай-ақ, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі С.Нұрбаев әкімшілік құқық бұзушылықты алдын алу туралы түсіндірме жұмысын жеткізді.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі