2024 жылғы 2 тамызда Азаматтық қорғау органдарының (ТЖМ) қызметі мәселелері жөніндегі Қоғам кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысында «Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны жетілдіру туралы», «Өрт қауіпсіздігінің жай-күйі және оны жетілдіру туралы» және «Азаматтық қорғанысты жүргізу дайындығы, оның ішінде басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерін даярлау, халықты әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарына оқыту туралы үш мәселе қаралды.
Баяндамашыларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өртке қарсы қызмет, азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеттерінің төрағаларын тыңдағаннан кейін Қоғамдық кеңес мүшелері ұсыныстар берді.
ҚР ТЖМ Штаб-Департаменті