
Өткен тәулікте 20 шілдеде Алматы қаласында (2018 жылғы бала қайтыс болды), Қызылорда және Қостанай облыстарында (2013 жылғы қыз бала және 2016 жылғы бала жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды) көп пәтерлі тұрғын үйлерде терезеден балалардың 3 оқиғасы орын алды. Барлық жағдайларда балалар үлкендердің қарауынсыз болды және москит торына отырды.
Сонымен қатар, Түркістан облысының Төле би ауданында жазатайым оқиға орын алды, онда 2019 ж.т. қыз бала ересектердің қарауынсыз қалып, ыдысына ыстық тосап түсіп, күйік шалған.
Төтенше жағдайлар комитетін ересек адамдардың қарауынсыз қалған балалардың қаупсіздігі алаңдатады.
Осылайша, 2020 жыл басынан (21.07.2020ж. жағдайы бойынша) көппәтерлі тұрғын үйлердің терезесінен 1-8 жас аралығындағы 68 бала құлап кетті. Осы фактілер орын алғанда 6 қаза тапты, ал қалған 62 бала ауруханаларға жатқызылды.
Оқиға Қарағанды (13), Нұр-Сұлтан (13), Батыс-Қазқстан (6), Алматы қ. (6), Қызылорда (5), Атырау (4), Жамбыл (4), Шығыс Қазақстан (4), Қостанай (3), Ақмола (2), Ақтөбе (2), Павлодар (2), Алматы (2), Маңғыстау (1) облыстарында, Шымкент қ. (1) орын алды.
2019 жылы 2-ден 13 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлаған 100-ден астам оқиға орын алды.
Балалар үйде болғанда бірінші кезекте олардың ата-анасына қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан құлауының қауіп-қатерін азайтуға арналған шараларды білуі қажет.
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі