Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы ірі табиғи өрт оқшауланды

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы ірі табиғи өрт оқшауланды

Естеріңізге сала кетейік, 18 шілдеде кешке Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылынан 180 шақырым жерде құрғақ шөп пен сексеуіл жанды. Жою жұмыстарында барлығы 266 адам, 61 бірлік техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды. Бұл Жамбыл облысы ТЖД, «Мойынқұм, Байзақ, Меркі, Қосқұдық, Қордай және Жуалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының ерікті өрт сөндіру құрылымдары, «Қазавиаорманқорғау» РМК күштері мен құралдары. 21 шілдеде сағат 09:45-те алдын ала ауданы 18 мың га өрт оқушауланды. Өрт орнында қарауылдау жүргізілді. Жағдайды бағалау мақсатында «Қазавиаорманкүзеті» РМК МИ-2 тікұшағымен аумақты бойлай ұшу жасалды. екпіні секундына  15 метр, кей жерлерде секундына 23 метр қатты соққан жел өртті сөндіруге қиындық туғызды.

Ағымдағы жылғы 20 шілдеде өткен тәулікте 27 табиғи өрт оқиғасы тіркелді.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы 15 табиғи өрт ТЖК бақылауында, онда өрттерді жою бойынша шаралар қабылдануда. 

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарындағы құрғақ шөптің жануы жойылды.

Аталған өңірлерде дала жануының жалпы ауданы 4501 га құрады, оның ішінде Ақтөбе облысындағы өрттің ауданы айтарлықтай ауқымды 3600 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі