
30 шілдеде Катонқарағай ауданына Белуха тауының етегіне ТЖМ Қазавиақұтқару Ми-8 тікұшағындағы Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлерінің ұшуы ұйымдастырылды. Жаяу серуендеу кезінде туристік топтың құрамында 1973 жылы туған әйел жарақат алып, медициналық көмек пен тасымалдауды қажет етті. Жәбірленуші Өскеменге көшірілді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі