Радиациялық химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерімен оқу-әдістемелік жиындар

Радиациялық химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерімен оқу-әдістемелік жиындар

Алдағы екі апталық полигондық жұмыстар дәл осы күрделі бағытқа арналады. Жамбыл облысындағы Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің бірінің базасында ТЖМ РХБЗ, ҚМ, ҰҰ, ҰҚК ШҚ бөлімшелері үшін оқу-жаттығулар басталды.

Жиындардың мақсаты мамандардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын арттыру, оларды дайындауға қатысты өзекті мәселелерді шешу, ең бастысы шартты қарсыласы жауынгерлік уландырғыш заттарды қолданған жағдайда, сондай-ақ химиялық қауіпті объектілерде ТЖ кезінде өзара іс-қимылды пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығудың бірінші күні қатысушылардың арнайы техникасының жабдықтары мен жауынгерлік мүмкіндіктерін зерделеуге, ЖҚҚ пайдалану, халық шаруашылығында қолданылатын күшті улы заттардың қасиеттері мен қауіпті факторлары бойынша тактикалық-арнайы жаттығулар мен практикалық сабақтарға және РХБҚ нормативтерін орындауға арналды.

ТЖМ бөлімшелеріне комитеттің және азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің, әскери бөлімдердің, жедел-құтқару жасақтарының 64 маманы ұсынылған.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті