ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

Әрбір азамат су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауы қажет.

Бірінші: Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеңіз. Балаларыңызды жүзуге үйретіңіз;

Екінші: Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған орындарда, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз;

Үшінші: Мас күйінде шомылмаңыз;

Төртінші: Жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан (буйки) асып кетпеңіз;

Бесінші: Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз;

Алтыншы: Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;

Жетінші: Жүзу құралдарына құтқару күртешесінсіз отырмаңыз.

Жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз;

Сегізінші: Қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.

Осы қарапайым ережелерді ұстану Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтайды.