Балалардың қауіпсіздігі ерекше назарда

Балалардың қауіпсіздігі ерекше назарда

Балқаш көлінің жағалауындағы «Балаларды суда қорғаңыздар» акциясы. Жетісу облысының құтқарушылары полиция департаментімен бірлесіп Лепсі ауылындағы Балқаш көлінің жағалауында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Демалушылармен жағалауда қауіпсіз демалу және шомылу ережелерін сақтау туралы әңгімелер өткізіліп, шұғыл қызметтердің телефондарын еске салып, жадынамалар таратылды. Су айдындарында балалармен бірге демалған ата-аналармен жазғы демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамтылуын бақылау қажеттілігі туралы әңгімелер өткізілді. Мұндай рейдтер күн сайын қала мен облыстың әртүрлі аудандарында өткізіледі.

Пресс-служба ДЧС области Жетісу