Алматыда сирена дабылы іске қосылды

Алматыда сирена дабылы іске қосылды

Мегаполисте жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандыру бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығу барысында сағат 10-да телерадио хабарларын таратуды ұстап қала отырып, сиреналар іске қосылды, сиреналардың естілуі нашар жерлерде полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің сигнал-дауыс зорайтқыш қондырғылары бар жедел автокөліктер тартылды.

Сағат 10.30-да Android операциялық жүйесі бар ұялы телефондарға Push-хабарлама жіберу арқылы жаппай құлақтандыру жасалды.

Оқу жаттығудың қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп,  нәтижесінде тиісті шаралар қабылданады.

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі