
Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде сағат 13:00-де Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылынан 100 шақырым жердегі Луговой орман шаруашылығының аумағында құмды жерде құрғақ шөптің жануы орын алып, Мерке ауданы Сарықоба орманшылығы аумағына өтіп, алдын ала мәлімет бойынша 8 мың га аумақта өрт шықты.
Сағат 10:20-да өрт ауыздықталып, сағат 16:15-те сөндірілді. Өртті сөндіру қиын ауа-райы жағдайларына байланысты күрделенді: +35 градус, жел 12 м/с болды.
Өртті сөндіруге 177 адам мен 35 бірлік техника жұмылдырылды, олар ТЖД, ЕӨҚҚ, «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ, «Луговое орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ күштері мен құралдары.