
Еліміздің барлық аумағында дерлдік ауа райының ыстық болуына байланысты ТЖ комитетін су айдындарында жиі орын алатын оқиғалар алаңдатуда.
Өткен демалыс күндері еліміздің су айдындарында суға шомылу кезінде 15 адам, оның ішінде 5 бала су батып көз жұмды.
Мәселен, 19 шілдеде Ақмола облысында Жалтыркөл ауылынан 5 шақырым жерде Есіл өзенінде құтқарушылар 2005 және 2008 жылдары туған балалардың мәйіттерін тауып, судан алып шықты. Олар суға шомылу үшін жабдықталмаған орында суға шомылып жатқан кезде батып кеткен. Туыстарымен демалыста болған.
Қостанай облысында Қайыңды кентінен 7 шақырым жерде Торғай өзенінде суға шомылу үшін жабдықталмаған орында 1960 және 1970 жылдары туған ер адамдар суға батып көз жұмды. Ер адамдардың мәйіттерін оқиға куәгерлері алып шыққан.
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 144 адам, оның ішінде 43 бала суға батып, көз жұмды.
Адамдардың суда қаза болуының негізгі себептері өз күшін бағаламау, мас күйінде суға шомылу,суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде суға бату, балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыру болып табылады.
Құтқарушылар 1 маусымнан бастап 51 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқарды.
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы ТЖК-ның ерекше бақылауында. Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖК Полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде.
Бүгінгі күні елімізде суға шомылуға және су маңында демалуға арналған 592 ресми орын анықталды (111 коммуналдық және 481 жеке жағажай).
Суға шомылуға тыйым салынған 2 мыңнан астам орын анықталды, ол орындарда 5 мыңнан астам ескерту белгісі және 1 мыңға жуық көрнекі стенд орнатылған, онда адамдардың қаза болуының себептері мен жағдайлары көрсетілген.
Адамдардың су айдындарында қаза болуына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту үшін күн сайын су айдындар мен апатты жағажайлардағы адамдар жаппай демалатын орындарда рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Жүзу құралдарымен жиі-жиі патрульдеу жүргізіледі.
Ағымдағы жылғы 1 мамырдан бастап 16 мыңнан астам рейд және патрульдеу жүргізілді, «Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу» ӘҚБК 440-бабы және «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» 364-бабы бойынша 3 000 астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:
- балалар тек ересек адамдардың қарауымен суға шомылуы тиіс;
- тек суға шомылу үшін жабдықталған орындарда суға шомылуға болады, онда құтқарушылар кезекшілік етеді;
- бейтаныс орындарда сүңгуге болмайды;
- осы мақсаттарға бейімделмеген биіктіктерден секіруге болмайды;
- суға шомылған кезде өз күштеріңізді дұрыс бағалаңыздар;
- спирттік ішімдіктер ішуге және мас күйінде суға шомылуға қатаң тыйым салынады.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі