
Тұрғын үйлердің бірінің ауласында ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіз аула» тақырыбында іс-шара өткізді. Ересектер мен балаларға балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Көрнекілік пен қатысушыларды көбірек тарту үшін өрт сөндіру техникасы мен қызметтік иттері бар кинологтар жұмылдырылды.
Тұрғындарға қажетті қауіпсіздік шаралары туралы еске салып, оларды сақтау үшін пайдалы ұсыныстар берілді. Іс-шара сәтті өттіп, барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі