
Сауда объектілерінде өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы жарияланды.
Акция аясында ТЖД қызметкерлері сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлері мен базарларда өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар, оның ішінде ұсыныстар бере отырып, иелерімен және жалға алушылармен кездесулер өткізетін болады.
Сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар көрсетілді.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі