Су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шаралар

Су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шаралар

Қарағанды облысының ТЖД «Су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігі» атты акция ұйымдастырылды. Акцияға полиция органдарының өкілдері, құтқару бөлімшелері және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара аясында балаларға суға батып бара жатқан адамды құтқару бойынша практикалық іс-қимылдар, дәрігер келгенге дейінгі  көмек көрсету әдістері көрсетілді, сондай-ақ су қоймасында болған кездегі мінез-құлық ережелері түсіндірілді.

Акция соңында  қатысушылар суға шомылуға тыйым салынған орындар бойынша рейд өткізді, іс-шара барысында ақпараттық жадынамалар таратылды және судағы  жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі