Коронавируспен күреске біздің үлесіміз

Коронавируспен күреске біздің үлесіміз

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының құрама жасағы Көкшетау қаласы әкімдігінің жоспары бойынша коронавирустық инфекциямен күресуде өзінің еңбек вахтасын жалғастыруда.

Қазіргі уақытта, дезинфекциямен қатар, КТИ қызметкерлері одан да маңызды жұмысқа кірісті – бұл Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың дермато-венерологиялық орталығы базасында құрылған провизорлық бөлімшенің реанимациясы үздіксіз жұмыс істеу үшін оттегі баллондарын жедел жеткізу.

Қазіргі уақытта мұнда COVID белгілері бар науқас ем алуда, олардың бір бөлігі ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Олар үшін оттегі бар баллондарды пайдалануға дайын-өмірлік маңызды мәселе, сондықтан КТИ қызметкерлері күн сайын, демалыссыз жұмыс істейтін болады.

Осындай бір баллонның салмағы 70 кг-нан асады, тиісінше жақсы дене пішіні мен төзімділігі қажет. Бұл ретте қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтай отырып, біздің қызметкерлер мұны жақсы орындайды.

Аурушаңдық тез түзелсін, ал қалғандары пандемия кезінде әлеуметтік қашықтық пен масканы киюдің ең қарапайым ережелерін сақтай отырып, өздерін және жақындарын сақтасын.

 

ІІМ ТЖ комитеті

Көкшетау техникалық институтының

баспасөз қызметі