
Кеше қызды құтқарған Азат Көшербаев пен Михаил Чижик бүгін лайықты марапатқа ие болды.
Суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың бұйрығымен олар «Суға батушыларды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Батырларға медальдарды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы табыс етті.
Ержүректілік пен батылдық көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге рахмет. Ең бастысы, сіздер адамның өмірін құтқардыңыздар», - деп атап өтті Ержан Сәденов.
Өз кезегінде, марапатталғандар интуитивті түрде іс-әрекет жасағандарын және ойлануға уақыт болмағанын мойындады және өздерінің орындарында кез-келген адамның дәл осылай істейтіндерін атап өтті.
Ведомстволық награда - «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медальдарымен Нұр-Сұлтан қ. ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қайрат Жүсіпов пен Жігер Темірәлиұлы да марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға ағымдағы жылғы 17 шілдеде кешке орын алды. Өз өмірін ажалға қимақ болған қыз бала өзендегі көпірден секірген. Бұл оқиғаны жақын маңда тұрған екі ер адам көрді. Суға батып бара жатқан қызды байқаған олар ойланбастан, қызға жүзіп барды.
Бірінші болып суға Азат Кушербаев секірді, ол ҚР би спорт шебері екенін айта кеткен жөн, сол уақытта ол онлайн-сабақ өткізіп жатқан болатын. Одан кейін жағада демалып жатқан Михаил Чижик те көмекке келіп жетті.
Ер адамдар құтқарушылар келгенге дейін қызды судың ішінде ұстап тұрды. Оқиға орнына жеткен ТЖ қызметкерлері қызды және жігіттерді судан аман-есен алып шығып, оларды жағаға жеткізді. «Жедел-жәрдем» келгенше құтқарушылар қызға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті.