Батыс Қазақстан облысында ірі табиғи өрт жойылды

Батыс Қазақстан облысында ірі табиғи өрт жойылды

Ағымдағы жылғы 17 шілдеде сағат 14:30-да Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Коловертное ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан «Бударинское орманшылығы» КММ аумағындағы орман алқаптарында өрт жойылды. Бұл өрт 13 шілдеде түнде орын алды және 14 шілдеде кешке оқшауланды. Өрттің жалпы ауданы 435 га, оның ішінде 88 га орман алқабы және 347 га құрғақ шөп.

Атырау қаласынан өртті сөндіруге тартылған ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-884 тікұшағы 65 рет су төгілді, судың жалпы көлемі 195 тонна.

ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ерікті өрт сөндіру құралымдары мен орман шаруашылығының үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, жойылды. Өртті оқшаулағаннан кейін өрт периметрі бойынша жекелеген ошақтарды қарауылдау және су төгу жүргізілді. Қолайсыз  ыстық ауа райы және желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі өртті сөндіруді қиындатты. 

42 градусқа дейін аномальді ыстық және екпіні секундына 15-20 метр күшті жел түріндегі күрделі метеорологиялық жағдайлар Батыс Қазақстан облысында қалыптасқан өрт жағдайының негізгі факторы болып табылады.   Ағымдағы жылғы 13-16 шілде аралығында облыс аумағында ірі табиғи өрттер орын алды, олар 6 ауданды қамтыды, бұлар Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласы.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі