Республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады

Республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады

Ауа райының тұрақты ыстық болуына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Ағымдағы жылғы 16 шілдеде өткен тәулікте республика бойынша 17 орман және дала өрт оқиғасы тіркелді.

Батыс Қазақстан  облысындағы және Қостанай облысындағы  3 өрт және Ақтөбе облысындағы 4 жану ТЖК бақылауында.

Батыс Қазақстан  облысы Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округінде Коловертное кентінен 10 шақырым жерде «Бударин орманшылығы» КММ аумағында орман алқабындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғастырылуда, ол 14 шілдеде кешке оқшауланды. Өртті сөндіруге Атырау қаласынан су ағызу құрылғысы бар ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-884 тікұшағы тартылды,оның көмегі арқылы 65 рет су төгілді, судың жалпы көлемі 325 тонна. Жергілікті атқарушы органдардың күштері қарауылдау және өрт периметрі бойымен жекелеген ошақтарға су төгу жұмыстарын жүргізуде.Өрттің жалпы ауданы 435 га құрады, оның ішінде 88 га орман алқабы және 347 га құрғақ шөп. Ауа райы температурасы +38 градусқа, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.    

Сонымен қатар, «Есенсай орманшылығы» КММ аумағында Кеңсуат ауылынан 10 шақырым жерде орман алқабындағы жануды сөндіру жұмыстары жүргізілуде, ол 15 шілдеде таңертең оқшауланған. ТЖД, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардың күшімен өрт периметрі бойынша жеке ошақтарды қарауылдау және су төгу жүргізілудеі.

 Күндіз 16 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы Талды ауылынан 10 шақырым жерде «Михайловка орман шаруашылығы мекемесі» КММ аумағында жалпы ауданы 3 га құрғақ шөп пен орман қоқысы жанды. Жануды жоюға «Михайловка орман шаруашылығы мекемесі» КММ, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Сонымен бірге 16 шілдедеі кешке Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Жайсанбай ауылынан 31 шақырым жерде алдын ала ауданы 46 га аумақта құрғақ шөп жанды. Жануды жоюға ерікті өрт сөндіру құрамаларының күштері жұмылдырылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте Ақмола облысының Бурабай ауданындағы, Алматы облысының Сарқан ауданындағы, Ақтөбе облысының Алға, Байғанин, Хромтау, Қобда, Қарғалы, Мұғалжар, Әйтеке би, Ойыл аудандарындағы, Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы, Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Тасқала, Бөрлі, Ақжайық, Сырым, Бәйтерек ауданындағы, Қарағанды облысының Нұра, Шет аудандарындағы құрғақ шөптің жануы жойылды.

Аталған өңірлерде дала жануларының жалпы ауданы 18696 мың га құрады, оның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы өрттің ауданы айтарлықтай ауқымды 16754 га. Жануларды жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құраламаларының, орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі