Ақтөбе облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы тағайындалды

Ақтөбе облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы  тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппарат басшысының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Е.Ж. Бахаев Ақтөбе облысы ТЖД жеке құрамына департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған полковник Қаһарман Оразалинды таныстырды.

Қаһарман Оразалин 1978 жылғы 9 қарашада Шығыс  Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Шәкірім атындағы Семей мемлекеттік университетін,2011 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында 2007 жылдан бастап қызмет атқарады.  Әр жылдары азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің аға офицері, ШҚО ТЖД әскери жұмылдыру және арнайы жұмыс бөлімінің бастығы, Астана қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі