
8-14 шілде аралығында Ақмола облысында «Орман» профилактикалық іс-шарасы өтті.
Осы кезеңде бірлескен мобильді топтар 107 рейд жүргізіп, 72 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 64-і ескерту түрінде және 8-і айыппұл түрінде. Сондай-ақ, «Мало-Тюктинское УЛХ» КММ-нің 1 лауазымды тұлғасы айыппұл түрінде минералданған жолақтарға дұрыс күтім жасамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы ТЖД МӨББ бастығының м.а. Манат Бегалин және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары Арман Тұрымбаев атап өтті.
2024 жылғы 11 шілдеде Бурабай ауданына бірлескен сапар жүзеге асырылды онда профилактикалық іс-шаралар барысында «Бурабай» МҰТП-ның өрттерді сөндіруге дайындығы тексерілді. Іс-шаралар барысында барлығы 35 мың адамды қамтитын 16 мыңнан астам нұсқама өткізілді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі