Ақмолалық құтқарушылар Президенттің алғысын алды

Ақмолалық құтқарушылар Президенттің алғысын алды

Ақмола облысы ТЖД қызметкерлері ШЫҰ саммитін өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін осындай жоғары бағаға ие болды.

Салтанатты марапаттау Көкшетау қаласының 2-МӨСБ аумағында өтті. Департамент бастығы Қанат Доспаев алға қойылған міндеттерді үлгілі орындағаны үшін қызметкерлерге алғысын білдірді. Мемлекет басшысының алғысымен 8 ақмолалық марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 16 мемлекет басшыларының қатысуымен ШЫҰ саммиті өткен, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ақмолалық құтқарушылар да қатысқан болатын.

 Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі