Ақмола облысында «Орман» профилактикалық іс-шарасы

Ақмола облысында «Орман» профилактикалық іс-шарасы

Ақмола облысында орманды-дала алқаптарында өрттің алдын алу қарқын алуда. Бурабай курорттық аймағында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, полиция департаментімен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Балалар сауықтыру орталықтарының, пансионаттар мен жағажайлардың басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді, онда қатысушыларға қауіпсіздік шаралары жеткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, «Бурабай» МҰТП-ның орман өрттерін сөндіруге дайындығы тексеріліп, орман алқаптарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі