Ұлытау облысында оқу-жаттығу өткізілді

Ұлытау облысында оқу-жаттығу өткізілді

Ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықты тарта отырып, 8-14 шілде аралығында Ұлытау облысының аумағында «ОРМАН» профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Ұлытау ауданының «Ұлытау ұлттық табиғи паркі» РММ-не тиесілі тоғай аумағында өрттің алдын алу бойынша жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығуға ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдарының, Ұлытау ұлттық табиғи паркінің, жедел мединициналық жәрдем қызметінің 32 адам, 8 бірлік техника қатысты.

              Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі