
Ағымдағы жылдың 8-14 шілде аралығында Алматы облысының орман қоры аумағында «ОРМАН» республикалық профилактикалық іс-шаралары өткізіледі. Бұл іс-шаралардың негізгі міндеті орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады
Тек арнайы бөлінген орындарда ғана от жағу керек екенін есте ұстаған жөн. Осы ережелерді бұзу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 367-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады, айыппұл мөлшері:
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде;
лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің 30-дан 250-ге дейінгі мөлшерінде;
орта кәсіпкерлік субъектілеріне айлық есептік көрсеткіштің 50-ден 400-ге дейінгі мөлшерінде;
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне айлық есептік көрсеткіштің 150-ден 1500-ге дейінгі мөлшерінде.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі