
Батыс Қазақстан облысында үш табиғи өртті жою жұмыстары жүргізілуде.
ІІМ ТЖ комитетінде Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы орман өрті қалай сөндіріліп жатқаны туралы айтты.
Ағымдағы жылғы 13 шілдеде сағат 23.50-де БҚО Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округінде Коловертное кентінен 10 шақырым жерде «Бударин орманшылығы» КММ аумағында алдын ала ауданы 16 га орман алқабының жануы орын алды.
Өртті сөндіруге ТЖД, Апаттар медицинасы орталығынан, Бударин орманшылығынан, ерікті өрт сөндіру құрамаларынан жалпы 93 адам, 11 бірлік техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіруге Атырау қаласынан су ағызу құрылғысы бар ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-884 тікұшағы тартылды,оның көмегі арқылы 14-15 шілдеде екі күн ішінде 39 рет су төгілді, судың жалпы көлемі 195 тонна. ТЖ аймағын бойлай ұшу жүргізілуде.
Қазіргі уақытта өртті толықтай жою бойынша шаралар қабылдануда. ТЖД және орманшылық күштері жекелеген қалған ошақтарды жою жұмыстарын жүргізуде. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 14 шілдеде сағат 19.02-де оқшауланды.
Құрғақ, әрі ыстық ауа және ауа температурасының +41ºС болуы қолайсыздық тудырып, өртті сөндіруді қиындатты. Өрттің себебі найзағайдың құрғақ разряды болып табылады.
ТЖД дағдарыс орталығында өртті сөндіру және оның салдарын жою бойынша жедел штаб құрылып, тәулік бойы жұмыс жасауда.
Бұдан өзге, БҚО Ақжайық ауданының Чапаев ауылдық округі «Чапаев орманшылығы» КММ және Көнеккеткен ауылдық округі «Есенсай орманшылығы» КММ аумақтарында құрғақ шөп пен орман алқабының жануын жою жұмыстары жүргізілуде. Өрттер оқшауланды. Өрттерді жоюға ТЖД, орман шаруашылықтарының, ерікті өрт сөндіру құрамаларының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі