Құтқаратын секундтар

 Құтқаратын секундтар
27 маусым күні чемпионаттың екінші күнінің сәні болған жарыс түрі - кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту орындалды. Мұнда спортшылар өздерінің ептілік, шыдамдылық және қозғалыстарды үйлестіру сияқты бойларындағы ең үздік қасиеттерін көрсетті.
Қысқа уақытта және жоғары қарқында еңсерілетін 100 метрлік кедергілер жолағынан өту жарысын ең қызу жаттығуға жатқызуға және қысқа қашыққа жүгірумен салыстыруға болады.
Бірінші кезеңде қатысушылар биіктігі 1 м 70 см дуалдан өтеді, одан кейін алдын ала дайындап қойылған өрт сөндіру жеңдерін алып, спорттық снаряд – бумның үстімен жүгіріп өтеді, одан кейін бір жеңді жүгіру жолында тұрған тармақтауға, ал екіншісін старт кезінен бастап арқасында жатқан оқпанға жалғайды, содан кейін мәре тұсын қиып өтеді. Жеңдер тармақтаудан оқпанға дейін бір сызыққа жайылған кезде жаттығу орындалды деп есептеледі. Осының бәрі қысқа уақытта орындалуы тиіс.
Бірер сағаттан кейін төрешілер 100 метрлік кедергілер жолағын еңсерудегі мықтыларды анықтады.
Жалпыкомандалық есепте қыздар арасында бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының спортшылары иеленді, екінші орын Шымкент қаласының өкілдерінде болса, үшіншісі орын Қостанай облысының командасына бұйырды.
Жеке есепте үздік нәтиже көрсеткендер:
Кіші топта:
І орын – Лисохмар Арина (Қостанай облысы) –19,56 секунд нәтижесімен;
II орын – Иванова Маргарита (Шығыс-Қазақстан облысы) – 20,97 секунд;
III орын – Ержанова Айдана (Шығыс-Қазақстан облысы) – 21,00 секунд.
Орта топта:
І орын – Поволодская Валерия (Шығыс-Қазақстан облысы) –18,96 секунд нәтижесімен;
II орын – Бурекешева Екатерина (Батыс-Қазақстан облысы) – 19,95 секунд;
III орын – Избасарова Луиза (Шымкент қ.) – 20,08 секунд.
Аға топта:
І орын – Майданкина Анна (Шығыс-Қазақстан облысы) –18,60 секунд нәтижесімен;
II орын – Дубинина Анастасия (Қостанай облысы) – 19,54 секунд;
III орын – Булыкина Кристина (Шығыс-Қазақстан облысы) – 19,70 секунд.
Жасөспірімдер арасында кедергілері бар жүз метрлік жолақтан өткен жарыста жүлделі орындар былайша бөлінді:
Жеке біріншілікте кіші топта:
І орын – Коршак Виктор (Шығыс-Қазақстан облысы) – 18,20 секунд нәтижесімен;
II орын – Авилов Эльдар (Шығыс-Қазақстан облысы) – 18,40 секунд;
III орын – Темірғали Алдияр (Ақтөбе облысы – 19,29 секунд.
Орта топта:
І орын – Ахмет Мақсот (Батыс-Қазақстан облысы) – 18,29 секунд;
II орын – Кулмахамбет Нурдаулет (Жамбылская область) – 18,40 секунды;
III орын – Шамшоллаев Сұңқар (Нұр-Сұлтан қ.) – 22,64 секунд.
Аға топта:
І орын – Избасаров Ильдар (Шымкент қ.) –17,27 секунд;
II орын – Конысбаев Абай (Маңғыстау облысы) – 17,57 секунд;
III орын – Волынский Артем (Ақтөбе облысы) – 17,78 секунд.
Командалық біріншілікте:
І орын - Шығыс-Қазақстан облысының командасы;
ІІ орын - Батыс-Қазақстан облысының командасы;
ІІІ орын - Нұр-Сұлтан қаласының командасы.
Ертең, 28 маусымда жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстың соңғы күні өтеді, содан кейін сағат 15.00-де жарыстың салтанатты жабылу рәсімі және чемпионат жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.