Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірледі.
Жобаны іске асыру «басқару вертикалын» нақты құрастыруға, басқару жүйесін дара басшылық қағидаты бойынша шоғырландыруға, оңтайландырылған штат бірліктері есебінен негізгі қызметтерді нығайтуға, қосалқы қызметтерді орталықтандыруға, сондай-ақ аумақтық қызметтер және ведомстволық бағынысты бөлімшелер санын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Қаулы жобасы 2024 жылғы 5 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды (2024 жылғы 22 шілдеге дейін).
(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15112133)