Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері облыстың су айдындарында кезекті рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шаралар барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Рейд барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 16 әкімшілік хаттама және заңды тұлғаға 1 әкімшілік хаттама жасалды.  

Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады!

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі