Қайсарлық көрсеткен азаматтың ерлігі атап өтілді

Қайсарлық көрсеткен азаматтың ерлігі атап өтілді

ШҚО ТЖД бастығы Өскемен қаласының тұрғыны Кенже Бақытбековты салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттады. «Шұғыл жағдайда көмекке келу – ол қайсарлық пен батылдық. Нағыз ер азаматтың ерлігі. Әсіресе қауіпті жағдайларда адамдардың жақсы қасиеттері жарқын көрінеді», -  деп атап өтті бастығы Р. Блялов.

Еске салайық, 2024 жылғы 10 маусымда құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында, сондай-ақ Самар ауылы жанындағы Бұхтырма су қоймасында Кенже Бақытбековтың көрсеткен көмегінің арқасында судан жасөспірімдер құтқарылды.

 
                                                                                           ШҚО ТЖД баспасөз қызметі