Астана қаласында «Сарайшық» ауданын құру жөніндегі НҚА жобаны іске асыру бойынша ақпараты

Астана қаласында «Сарайшық» ауданын құру жөніндегі НҚА жобаны іске асыру бойынша ақпараты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің 2024 жылғы 20 сәуірдегі № 11-01/1722 қбп тапсырмасын орындау және «Астана қаласында жаңа аудан құру, аудандардың шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 181/22-VIIІ және Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 01-1763 бірлескен шешімін және қаулысын іске асыру шеңберінде, ТЖМ Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Сарайшық» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы әзірленді, жария талқылау жүргізу үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің ұсынымын алу үшін жіберілді.

Орналастыру күні: 2024 жылғы 24 маусым, мерзімі: 2024 жылғы 9 шілдеге дейін