Орман шаруашылығы қызметкерлерімен 300-ден астам өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Орман шаруашылығы қызметкерлерімен 300-ден астам өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

ТЖМ бөлімшелері табиғат қорғау және орман мекемелерімен өрт-тактикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырады және өткізеді. Практикалық іс-шаралардың мақсаты жедел ден қоюды, орман өрттерін сөндіру және тактиканы пысықтау болып табылады.

Әрбір оқу-жаттығудан кейін тартылған қызметтердің іс-қимылдарына егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі, оларға одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар және табиғи ТЖ кезіндегі іс-қимылдардың келісімділігін пысықтау жөніндегі ұсынымдар түсіндіріледі.

Мұндай жаттығулар табиғи өрттер туындаған кезде тартылған қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін нығайтуға ықпал етеді.

Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері барлығы 306 оқу-жаттығу өткізілді.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың мамыр айында елімізде «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді, басқару штабы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орналасқан.  Оқу-жаттығу барысында іс жүзінде әрекет ету алгоритмдері мен күштер мен құралдарды тарту тәртібі пысықталды.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті