
Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің туындауының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы.
Өткен тәулікте 8 шілдеде республика бойынша 11 орман және дала өртінің оқиғасы тіркелді.
Қостанай және Павлодар облыстарындағы 2 өрт, Ақтөбе облысындағы 1 жану ТЖК бақылауында.
6 шілдеде сағат 17.00-де Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылынан 10 шақырым жердегі Байбарақ көлінің маңында ашық аумақта ауданы 3 га «Михайловский орман шаруашылығы мекемесі» КММ аумағында ауданы 7 га құрғақ шөп пен орман алқабының жануы орын алды. Сағат 17.50-де орман шаруашылығы және ерікті өрт сөндіру құралымдарының күштері (12 қызметкер және 5 бірлік техника) жануды оқшаулады. Оны толықтай сөндіру үшін шаралар қабылданып жатыр.
8 шілдеде сағат 14.51-де. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінде, Сүгір ауылынан 3 шақырым жерде, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» ММ аумағында алдын ала 5 га аумақта орман қоқысы мен ағаштар жанған. «ШҚО авиациялық бөлімше» ҚМКМ МИ-2 тікұшағымен өрт орнын бойлай ұшып өтті. Өрттің алдын ала себебі-найзағай. ТЖД өртке қарсы қызметі тартылған жоқ. Сағат 18.10-да. «Ертіс орманы» МОТР» ММ (27 қызметкер мен 8 бірлік техника) күштері өртті сөндірді.
8 шіледеде сағат 13.43-те. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Хазрет ауылдық округінде Хазрет ауылынан 85 шақырым жерде алдын ала 43 Га аумақта құрғақ шөп өртенді.Жануды жоюға ТЖД және ерікті өрт құрылымдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды (17 жұмысшы және 3 бірлік техника).
Құрғақ шөптің жануы жойылды:
- Ақтөбе қаласынан 70 шақырым және 12 шақырым жерде, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосістек ауылдық округінің Қосістек ауылынан 17 шақырым жерде жалпы көлемі 107 га. ТЖД, орман шаруашылығы мен тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылдық округі, «Достық-210» саяжай қоғамы, Қаражота ауылдық округі Сарыбұлақ ауылынан 15 шақырым жерде, Көксу ауданы Лабасын ауылдық округі Мұқыры ауылынан 10 шақырым жерде жалпы ауданы 46 га. ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
- Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық округінің, Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің Айқожа учаскесінде, Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Кеңащы қыстағынан 8 шақырым жерде жалпы ауданы 6 мың га. ТЖД, ерікті өрт сөндіру құралымдарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі