Химиялық қауіпті объектідегі оқу жаттығу

Химиялық қауіпті объектідегі оқу жаттығу

ШҚО ТЖД құтқарушылары күшті әсер ететін улы заттың төгілу апаттын жою бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Өткізілген оқу-жаттығу құтқару бөлімшелері мен кәсіпорын қызметкерлерінің химиялық улану ошағын оқшаулау мен оны жою және уланған бұлттың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-қимылдарының үйлесімділігін пысықтауға мүмкіндік берді.

«Мұндай оқу-жаттығулар ықтимал қауіптер туындаған жағдайда құтқарушылардың күштері мен құралдарының жедел ден қоюға тұрақты дайындықта ұстауға және төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу әдістерін жетілдіруге көмектеседі», – деп атап өтті ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Агажаев.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі