ТЖД, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғат қорғау паркінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтер Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орман өртінің туындауына байланысты табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою бойынша іс-қимылды пысықтады.
Жаттығудың барлық қатысушылары шартты орман өртін сөндіру кезінде өрт туралы хабарлаудан, өрт техникасының өрт орнына келуі, су шашатын құрылғылары бар әуе борты, ұялы телефондарға SMS-жіберу құралдары және «Darmen» қосымшасы бойынша халықты хабардар етуден, өрттің өзін сөндіруден, сондай-ақ аудандардағы және ТЖ пайда болған жерлерде коменданттық қызметті ұйымдастырудан басталған іс-қимыл тәртіптері пысықталды.
Аудандық аурухана орталығы қызметкерлері төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсету және медициналық-психологиялық сүйемелдеу үшін дала госпиталі ұйымдастырылды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі