
2020 жылғы 3 шілдеде дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Астана күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенантыЕ.З.Тургумбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери және арнайы оқу орындарының үздік түлектеріне алғашқы офицерлік шенін салтанатты түрде табыс етті.
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының бес түлегі оқуды үздік аяқтады, оның екі түлегі, егіз бауырлар Халелов Елдос пен Елжас Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қолынан алғашқы офицерлік атақ алу құрметіне ие болды.
Азаматтық қорғау лейтенанты Халелов Елдос институттың Ақтөбе қаласындағы оқу орталығының оқытушысы, ал оның ағасы Елжас Маңғыстау облысы ТЖД-де қызметін одан әрі жалғастыратын болады.
ҚР ІІМ ТЖК КТИ баспасөз қызметі