
6 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданында Өрнек ауылынан 10 шақырым жердегі «Михайлов орман шаруашылығы мекемесінде» КММ учаскесінде орман өрті пайда болған. 12 га алқапта құрғақ шөптің және 3 га орман маңының өртенуі орын алды. Өрттің алдын ала алаңы 15 гектарды құрайды. Қазіргі уақытта орман өрті ауыздықталып, оны толық жою шаралары қабылдануда.
Өрт сөндіруге барлығы 10 қызметкер мен 3 бірлік ҚМУ техникасы, сондай-ақ «Астық» ЖШС ерікті өрт сөндіру құралымынан 2 адам мен 2 бірлік техника тартылды. Орман шаруашылығының үйлесімді және батыл әрекеттерінің арқасында оттың одан әрі таралуына жол бермеді.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Орман өртінің болжамды себебі найзағайлы разряд болып табылады.
Біз өз кезегімізде облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы тағы да еске салғымыз келеді:
- Ешқандай жағдайда шөпті жандырмаңыз. Алауды қараусыз қалдырмаңыз. Оларды тастамас бұрын темекі мен сіріңкелерді мұқият сөндіріңіз.
- Егер сіз құрғақ шөпте шағын өртті байқасаңыз - өтіп кетпеңіз. Шөптерді өзіңіз өшіре аласыз. Отты тығыз матамен сөндіруге немесе жермен жабуға болады.
- Егер сіз өрт сөндіре алсаңыз, өрт толығымен жойылғанына көз жеткізбей кетпеңіз.
- Егер өрт үлкен аумақты басып алса, дереу «101» телефоны арқылы хабарлаңыз және өрт орнынан тез арада кетуге тырысыңыз.
«Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ»
ММ баспасөз қызметі