Елордалық құтқарушылар су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде

Елордалық құтқарушылар су айдындарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде

Шомылу маусымы кезінде елорда акваторияларында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Астана қаласы ТЖД қызметкерлері еріктілермен және қоғамдық құтқарушылармен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізуде, оның барысында халыққа жадынамалар мен брошюралар тарата отырып, су айдындарында қауіпсіздік қағидалары жеткізіледі.

ТЖД су айдындарының арнайы бөлінген және санкцияланған учаскелерінде ғана шомылуды, сондай-ақ мас күйінде шомылмауды және балаларды ересектердің қарауынсыз судың жанында қалдырмауды қатаң түрде ұсынады.

Астана қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы