Шымкент қаласында «Жер-2024» РКШОЖ

Шымкент қаласында «Жер-2024» РКШОЖ

Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов жетекшілік етті. Оқу-жаттығу барысында қалалық ТЖ департаментіне шартты түрде 7-8 баллдық жер сілкінісі болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп, дер кезінде тұрғындарды қауіпсіз ашық алаңда құрылған шатырлы қалашыққа эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп базаларында, сондай-ақ қаланың ашық алаңдарында төтенше жағдай аймақтарынан халықты қауіпсіз аймаққа көшіру  үшін  эвакуациялық пункт дайындалды. Шатырлы қалашықтар, сонымен қатар қайтарымсыз шығындар болған жағдайда жерлеу орындар  белгіленді.

Оқу-жаттығудың қорытындысына сәйкес азаматтық қорғау қызметтерінің жер сілкінісіне дайындығы бойынша тыңдалым өткізілді және тиісті тапсырмалар берілді.

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі