Ақмола облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Ақмола облысында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Бүгін Жарқайың ауданы Костычево ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы өтті.

Бұл нысан ең қажетті – өрт сөндіру машинасының тұрағына арналған бокспен және жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жаймен жабдықталған, телефон байланысы жұмыс істейді. Дайындықта өрт-техникалық қарумен жабдықталған өрт сөндіру автокөлігі бар, сондай-ақ үш адам тәулік бойы кезекшілікте.

Бекет жалпы саны бес жүзге жуық адамнан тұратын 150-ге жуық аула, Костычево және Донское ауылынан тұратын екі елді мекенді құрайтын Костычево ауылдық округіне қызмет көрсететін болады.

 «Бекеттің ашылуы екі ауылдың тұрғындары үшін өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың ауылдардағы өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын атап өткім келеді», - деп атап өтті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Руслан Базарбаев.

 Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі