Республикада алғаш рет: Петропавлда Хакатон басталды

Республикада алғаш рет: Петропавлда Хакатон басталды

Балаларды қорғау күні қарсаңында Оқушылар сарайында облыс оқушылары арасында ашық турнир-Хакатон басталды.

Республикада алғаш рет ТЖ халықты қорғау тақырыбы бойынша өтіп жатқан осындай маңызды іс-шараға 25 команда, әр командада 5 адам қатысады. Хакатон 2 күнге созылады. 1 маусымда қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды.

Қатысушыларға бейнеконференцбайланыс бойынша Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев құттықтау сөз сөйледі. Ол команда мүшелерін турнирдің ашылуымен құттықтап, жас ұрпақ құрған бағдарламалық өнімдер халықты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғауға, адам өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенім білдірді. Қатысушыларды және ТЖД бастығы полковник Ерік Сарыбаев құттықтап, оларға адал күресте жеңіс тіледі.

Хакатонның мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және халықты олар пайда болған кезде іс-әрекетке үйрету саласындағы қосымшалар мен аналитикалық жүйелердің ең мықты әзірлеушілерін анықтау. Олардың формалары әртүрлі болуы мүмкін – ойындардан бастап қауіпті метеорологиялық құбылыстарды ескерту және бақылау жүйелеріне дейін.

          СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы