
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері жазғы демалыс кезінде зейінді арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жаз» акциясын ұйымдастыруға және өткізуге қатысты.
Акция аясында түрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, нұсқаулықтар мен ақпараттық буклеттер таратылды. Құтқарушылар қауіпсіздіктің маңызды мәселелерін талқылау және пайдалы кеңестермен бөлісу арқылы қоғаммен белсенді қарым-қатынас жасады.
Суда және табиғат аясында жарақаттанудың алдын алуы бойынша профилактикаға ерекше назар аударылды.
«Қауіпсіз жаз» акциясы ата-аналар мен балалардың назарын қауіпсіздіктің маңызды мәселелеріне аударып, күнделікті өмірде салауатты әдеттер мен тәжірибелерді қалыптастыруға ықпал ете отырып, өте пайдалы және тиімді болып шықты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі